Әскери күш-қуат
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әскери күш-қуат – халықаралық аренада және жекелеген мемлекеттер арасында әскерисаяси мақсаттарға жету үшін қолданылатын мемлекеттің материалдық және рухани мүмкіндіктерінің жиынтығы. Оларға соғысқа дайындық немесе оны жүргізу, агрессия мақсатында немесе оған тойтарыс беру үшін, соғыстың алдын алып, ғаламдық, аймақтық, үлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жүйесі және т.б. жатады. Өзінің қалпына қарай әскери күш-қуат шынайы және ықтимал болуы мүмкін. Соңғысы қоғамның барлық күштері мен әскери үйымдарды жүмылдырғандағы мемлекеттің барлық мүмкіндіктерін қамтиды.[1]
Әскери күш (Военная сила) жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сырттай, сондай-ақ мемлекет ішіндегі қарулы күш көрсетуден кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған әскерлер мен күштер. Әдетте, оларға қарулы күштер, шекаралық әскерлер, ішкі әскерлер, кауіпсіздік органдары жүйесінің әскерлері, темір жол әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, сонымен қатар мемлекет құқықтық негізде құратын басқа әскерлер мен күштер кіреді.[2]
Әскери қуат (Военная мощь) мемлекеттің барлық материалдық және рухани күштерінің жиынтығы, сондай-ақ мемлекеттің соғыс мақсаттарына жету немесе басқа мәселелерді шешу үшін осы күштерді жұмылдыру қабілеттілігі. Әскери қуат мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, моральдық-саяси мүмкіндіктерімен байланысты. Ол тікелей Қарулы Күштерінде, олардың саяси басшылығы койған міндеттерін орындау қабілеттілігінде іске асырылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.